Мереке алдында көшірме аккаунттар көбейеді. Белгілері өзгермейді.
Мереке қарсаңында танымал аккаунттардың көшірмелері көбейеді: атына расталған белгіге ұқсас смайлик қойылады, есімнің соңына сан немесе әріп қосылады. Ұтыс жариялап, «жеткізу үшін» карта деректерін сұрайды. Есте сақтау керек екі нәрсе: ұтысқа қатыспаған адам ұтпайды, ал нағыз ұтыс үшін алдын ала төлем де, картаның артқы жағындағы үш сан да сұралмайды.